Құран кітап қана өртенбеген: Алматыда Әмина апа ашқан балалар үйінде өрт шықты

Көркем Алдабергенова 10 қар. 2025 09:08

Алматыда мыңдаған жетім баланы бауырына басқан Әмина апа ашқан "Перзент" балалар үйінде өрт шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ең кереметі өрт кезінде Құран кітап қана қалыпты. Түк болмаған", - дейді Әмина апа. 

Ол өртті сөндіруге көмектескен ТЖД қызметкерлеріне алғысын айтты. 

Айта кетейік, күні кеше сағат 15:48-тен бастап өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы, Алтын Орда көшесі бойында орналасқан ғимараттағы өртті сөндірді.

Өрт шыққан сәтте балалар үйінде 35 тәрбиеленуші және қызметкерлер болған. Барлығы дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта балалар уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылды. Онда қажетті көмек пен қолдау көрсетілуде.

Балаларға тамақ беріліп, жайғастырылды. Олар сырт киіммен, азық-түлікпен және жеке гигиена құралдарымен қамтылған. Сондай-ақ тәрбиеленушілерге тәттілер берілді.

Оқиға орнында Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық кеңес өкілдері, Наурызбай ауданының қорғаншылық және қамқоршылық қызметі, сондай-ақ Отбасыны қолдау орталығы мен Балаларды қолдау орталығының мамандары жұмыс істеп жатыр. Жағдай толық бақылауда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар