Құлсары қаласында салынып жатқан мектептің шатыры опырылды

Құлсары қаласында салынып жатқан мектептің шатыры опырылды
Фото: Ақ жайық

Құлсары қаласында салынып жатқан мектептің шатыры қирады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

1200 орынға есептелген білім ошағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтеруде. Нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың соңына жоспарланған.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ алдын ала деректерді жариялады. Компанияның хабарлауынша, төбенің опырылуына құрылыс материалдарын дұрыс қоймау және сақтау талаптарының бұзылуы себеп болған.

Нақтырақ айтқанда, спорт залының шектеулі бөлігіне салмағы 6 тоннадан асатын шатыр жабындылары жиналып қойылған. Бұл жағдай сол аумақтағы құрылымға зақым келтірген.