Құлыбаевтың компаниясы тағы да шығынға ұшырады

Көркем Алдабергенова 27 там. 2024 11:41 2110

Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың «Шұбаркөл Премиум» компаниясы 2023 жылды 4 млрд теңге шығынмен аяқтады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Деректерге сүйенсек, былтыр компанияға 71,8 млрд теңге пайда келген.

«Қаржылық көрсеткіштердің төмендеуінің негізгі себебі қазақстандық темір жолдардағы вагондардың тапшылығы болды, бұл көмір өндіру мен экспорттың айтарлықтай қысқаруына әкелді.

Шығынға байланысты компания 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады», - деп жазды Nege.Aqsha арнасы.

Айта кетейік, бұған дейін экс-президент Назарбаевтың күйеу баласы мен қызы Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаеваға тиесілі «Алмэкс» холдингі 2023 жылға дивидендтер төлемейтіні айтылды. Мұндай шешім 2024 жылғы 30 мамырда өткен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар