Құлап, басынан жарақат алған: Алматы тауларында бес турист құтқарылды

Сағыныш Сардарова 26 қаң. 2026 10:22

Құтқарушылар Алматы тауларындағы туристерге көмекке келді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

25 қаңтарда Алматы қаласы Бостандық ауданы Көкжайлау ауданында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таңертең тауға шығып, өздігінен түсе алмаған бес туриске көмектесті.

"Түсу барысында туристің біреуі құлап, басынан жарақат алды. Құтқарушылар топты таудан түсіріп, зардап шеккендерді Апаттар медицинасы орталығының көлігіне алып барды", - деп жазылған хабарламада.

Дәрігерлер зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны одан әрі тексеру және емдеу үшін медициналық мекемеге жеткізді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove