Құдаларды қайтару операциясы. Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Dalanews18 қыр. 2019 10:17
902
ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов шет елде бой тасалап жүрген Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпунов туралы айтты,деп хабарлайдыDalanews.kz.
- Бұл екеуі туралы... (Әблязов пен Храпунов, ред.) Бұлар біздің елдің аумағында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, миллиардтаған ақшаны жамбасына басқан.
Ал бұл өте ауыр қылмыс. Бүгінде оларды қанатының астына алған елдердің құзырлы органдармен келіссөз жүруде. Қылмыстық қудалау жалғасып жатыр.
Қазақстанда Әблязовқа қатысты заңды күшіне енген сот бұйрығы бар. Оған жабылған жала тек экономикалық қылмыстың төңірегінде емес, бұдан бөлек жалпы былықтары, "ОПГ" құрамындағы әрекеттері, адам қанын төккені үшін түрмеге қамалуы тиіс.
Ол қылмыстардың бәрі өте ауыр деп есептеледі. Әзір бұлар жасырынып жатқан мемлекеттермен арада екеуін елге қайтару бойынша жұмыс жүруде.
Қайтара алмаған жағдайда қолды бір сілтемейміз, егер алаяқты қайтарып бере алмасаң, ендеше өзің сотта деген қағидаттар бар. Бұл бойынша белгілі материалдар шешім қабылдау үшін арнайы органдарға жіберіледі. Әблязов па? Біз білсек ол қазір Францияда, – дейді Марат Ахметжанов.