Қ.Тоқаев: «Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккендерге мың үй салынады»

Dalanews 07 мам. 2020 04:13 736

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынанын зардап шеккен Мақтаарал тұрғындары үшін мыңға жуық баспана тұрғызылып, тұрғындарға 100 мың теңге көлемінде көмек көрсетілетінін өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

– Өзбекстандағы су қоймасындағы апаттан зардап шегіп, баспанасынан айырылған Түркістан облысының тұрғындарына Үкімет мыңға жуық баспана тұрғызу ісіне кірісіп кетті, – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.


6 мамыр күні су тасқынының зардабын жою бойынша құрылған Үкіметтік комиссияның төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Мақтаарал аудананы келіп, су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарымен кездескен болатын.

Түркістан облысы басшысының бастамасы бойынша мемкоиссия қызыл судың астында қалған ауыл тұрғындарының әрқайысына 100 мың теңге көлемінде көмек көрсету турасында шешім қабылдады.


Өз кезегінде Роман Скляр Мырзакент елдімекенінің жанынан жаңа мөлтек ауданы салынып, су тасқынынан зардап шеккен Достық, Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылының тұрғындары қоныстанатынын алға тартты. Жаңа тұрғын үйлер бой көтеретін аумаққа қажетті коммуникациялар тартылып, балабақша мен мектеп салынады.

Мемкомиссия тасқын судан біраз зардап шеккен Өргебас және Фердоуси ауылының тұрғындарына тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты үш ұсыныс айтты. Аталған ауыл тұрғындарына бірінші кезекте басқа ауылдарға көшіп, сол жерде жаңа баспана салып беру, екінші – тұрғын үйлерін қалыпқа келтіру, үшінші мемлекет тұрғын үйлерді қалыпқа келтіруге кететін өтемақыны төлеп беруді ұсыныды. Ауыл тұрғындары осы үш ұсыныстың біреуін қабылдауы керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар