Қостанай облысында иттерді қорғауға арналған митингке рұқсат берілді

Қаракөз Амантай 17 сәу. 2026 17:14

Қостанай облысының Арқалық қаласында жануарларға қатысты заңға енгізілетін өзгерістерге қарсы митинг өткізуге рұқсат берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

КазТАГ мәліметінше, Арқалық қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің құжатында ұйымдастырушының өтініші қаралып, 2026 жылғы 18 сәуірде бейбіт жиын өткізуге келісім берілгені көрсетілген. Бұл туралы құжат көшірмесін митинг ұйымдастырушылары редакцияға ұсынған.

Жиын Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылының қиылысында өтеді.

Еске салайық, 8 сәуірде Мәжіліс “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдаған еді. Аталған өзгерістерге сәйкес, қараусыз жүрген иттерді арнайы пункттерде белгілі бір мерзім ұстағаннан кейін эвтаназия жасауға рұқсат беріледі (қараусыз жануарларға кемінде 5 күн, ал иесі бар болуы мүмкін жануарларға 60 күнге дейін).

Бұл бастама жануарларды қорғаушылар, белсенділер және қоғам өкілдері арасында үлкен наразылық туғызды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove