Қостанай облысы Боровское ауылындағы мектеп-гимназиялардың бірінде туберкулезбен ауырған қызметкер жұмыс істеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Наурыз айының басында аталған ауылдағы мектеп-гимназиялардың бірінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұған туберкулезге қарсы дезинфекция жүргізу себеп болған.
Тексеріс жүргізуге мектеп асханасында бұрын туберкулезден ем алған әйел жұмыс істегені туралы ақпарат негіз болған.
Бұл дерек расталғаннан кейін оқушылар қашықтан оқу форматына көшірілді. Ал мектеп ғимаратында барлық бөлмелер толық өңделіп, санитарлық-эпидемияға қарсы кешенді шаралар жүргізілді.
