Қостанай облысында полицияның экс-қызметкері синтетикалық есірткі таратқаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды, Dalanews.kz.
Қостанай қаласы ПБ Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі бастығының экс-орынбасары тергеу кезінде анықталмаған полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, денсаулығына зиян келтіру және қорқыту арқылы бір азаматты екіншісін аса ауыр қылмыс жасауға итермелеуге мәжбүрлеген, содан кейін оны әшкерелеп, қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздеген.
Лауазымды тұлға қызметтік көлікте отырып, қылмыстық әрекетке қатысушы кейпінде келген адамға аса ірі көлемде психотроптық заттар мен олардың аналогтарын бірнеше рет заңсыз өткізген.
Тексеру барысында оның автокөлігінің салонынан аса ірі көлемде өткізу мақсатында заңсыз сақтап, тасымалдап жүрген гашиш пен меткатинон (психотроптық заттың аналогы) табылып, тәркіленді.
Сотталушы өз кінәсін мойындамады, оның қорғаушылары оның әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.
"Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамалары мен бейнематериалдарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушының асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Ауырлататын факторлар анықталмаған.
Сотталушының жеке басын, іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, істің барлық мән-жайын ескере отырып, сондай-ақ ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің нормаларын қолдана отырып, сотталушыға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ол мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. "Полиция капитаны" арнайы атағы қайтарылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.