Қостанай облысында әкім асылған күйде табылды

Сағыныш Сардарова 20 нау. 2024 09:30 2802

Қостанай облысында Пресногорковский ауылының әкімі Тастемір Тұрсынбаев қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті басылымдар жазды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

БАҚ мәліметінше, шенеунік 19 наурызда асылып өлген жерінен табылған. Әкімдік бұл ақпаратты әзірше ресми растаған жоқ.

Артынша полиция жағдайға пікір білдірді.

"Ұзынкөл ауданындағы үйдің ауласында ер адамның мәйіті табылған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді өңірдің Полиция департаменті өкілдері.

Тастемір Тұрсынбаев 1964 жылы Қостанай облысында дүниеге келген, мал дәрігері мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын электромонтер болып бастап, Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің ветеринария бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. Кейін 16 жыл сол ауданның әкімі болды.

2015-2018 жылдар аралығында Тастемір Тұрсынбаев Пресногорковский ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. 2023 жылы үзілістен кейін ол бұл қызметке қайта тағайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар