Қостанай облысы үнемшілдікті қолға алды

Dalanews 16 ақп. 2016 05:25 919

 

«2015 жылды Қостанай облысы жақсы көрсеткіштермен аяқтады. Соның ішінде, республикалық және жергілікті бюджет бойынша барлық межелерді орындадық. Жалпы, жылдың соңында облыс 4,5 млрд. теңге қаржыны қысқартты. Яғни, облысымызда оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Бірақ, облысымыздың кейбір қалаларында, мысалы, Рудный, Қостанай қаласында қиындықтар болды. Дегенмен, ең басты мәселе - әлеуметтік төлемдер төленіп отырды», - деген әкім облыс басшылығының басты мақсаты - халықты әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету  екенін атап өтті .

«2016 жылды да оңтайландырудан бастап отырмыз. Көптеген шығындарды қысқартып жатырмыз, соның ішінде, мәдениет саласындағы шараларды, ресми шараларды қысқартып жатырмыз. Биыл облыстық бюджетте қиындықтар болады, соның ішінде, салық саласын нығайтуымыз керек. Көптеген резервтерді анықтап отырмыз. Мысалы, өткен жылы жарнама орналастыру бойынша біз шағын және орта бизнесте біраз заң бұзушылықты анықтадық. Жер мәселесі бойынша да проблемалар бар, жерлерді өзінің тиісті мақсатына пайдаланбай жатқан кәсіпкерлерді де анықтадық. Бұл бағытта да айыппұлдар саламыз», - деді әкімі.

А.Мұхамбетов облыс құрылымында, жол полициясы мен әділет басқармасының арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. «Бұл салалардың басшылығына тапсырма бергенмін. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, берілген тапсырмаларды орындап, әлеуметтік төлемдерді уақытында төлейміз деген мақсат бар», - деп атап өтті әкім.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар