Қорғаста 17 қазақстандық жүк көлігі өртеніп кеткен. Төтенше жағдай Қытай аумағында болған, деп хабарлайды dalanews.kz nurkz-ке сілтеп.
Басылым мәліметінше, 4 мамырда "Қорғас" халықаралық орталығының Қытай жағында жүк тиелген фуралардан өрт шыққан. Салдарынан 17 қазақстандық көлік жанып кеткен.
Оқиға Қытай аумағында болғандықтан, қазақстандық жедел қызметтер шақырылмаған, тергеу сол елдің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Панфилов ауданы әкімдігі зардап шеккендерге қолдау көрсетілетінін мәлімдеген. Әкімдік жүргізушілер мен көлік иелеріне құқықтық және қажет көмекті беруге уәде еткен.