Сұлтан Қамалетдинов 1965 жылы 12 ақпанда Ресей Федерациясының Астрахан облысында туған. Ташкент жоғары танк училищесін бітірген; Танкіге қарсы әскерлер әскери академиясының тыңдаушысы; Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы.
Еңбек жолы: Германиядағы кеңес әскерлері тобының танк дивизиясының гвардиялық танк полкінің танк взводы командирі; танк батальоны командирінің орынбасары – штаб бастығы, танк батальоны командирі, танк полкінің командирі, механикаландырылған дивизия командирінің орынбасары – штаб бастығы, механикаландырылған бригада командирі (1986-2005); «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскер қолбасшысы басқармасының штабы бастығының орынбасары (2006-2008); «Оңтүстік» ӨҚ әскер қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары (01.2008-08.2008); «Оңтүстік» ӨҚ әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы – қолбасшының бірінші орынбасары (2010-2012); «Астана» ӨҚ әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы – қолбасшының бірінші орынбасары (2012-2013); «Астана» ӨҚ әскер қолбасшысы (2013-2016); ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскерлер бас қолбасшысының бірінші орынбасары (2016-2019). 2019 жылдың қазан айынан бастап ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып қызмет істеді.