Қордайдағы жанжалдан кейін ұсталған 47 адамның 44-і босатылды.

Dalanews 08 ақп. 2020 13:58 662

«Кешегі ұсталған адамдардан 44 адам босатылды», – деді Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Масаншы және Сортөбе ауылдарының ақсақалдарымен кездесуде.

Сапарбаев сондай-ақ оларды бірлік пен бейбітшілікке шақырды.

– Бүкіл Қазақстан мен бүкіл әлем Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масаншы, Сортөбе және Қаракемер ауылдарында қауіпті екенін айтуда. Бұл біз үшін ұят. Ел үшін, халық үшін, біз мұны тоқтатуымыз керек. Мұның арты жақсылыққа апармайды. Біз өскелең ұрпаққа қандай үлгі көрсетеміз? Біз олардың алдында өз міндеттерімізді орындауымыз тиіс. Балалар бір-бірімен тату болуы керек, – деді ол ақсақалдарға.


Бұған дейін хабарланғандай, Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында болған жаппай төбелес салдарынан полиция 47 адамды ұстады. Екі аңшы мылтығы тәркіленді.

Дереккөзі: «Айқын» газеті

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар