«Сағат таңғы бестен өте Алматыдан ОМОН жетті, әскерилер келді, жағдайды бірден бақылауға алды. Бірақ олар кешігіп келді. Егер бір күнге ерте келгенде бұл аласапыранның алдын алуға болар еді. Ең бастысы адам шығыны болмас еді.
Дәл қазір ОМОН ауылдың түкпір-түкпірінде жүр, олар жағдайды бақылауға алды. Қаза болғандар туралы нақты мәлімет жоқ. Бірақ менің білуімше шамамен 8-ден 11 адамға дейін ажал құшқан. Комиссия құрылды. Олар әзір тергеу жүргізуде. Қайтыс болғандар жайлы дерек жинауда. Жаралаған адамдардың саны да өте көп. Ауруханаларда орын жоқ", – дейді Дауров.