Қор нарығын қайтсек қазақша «сөйлетеміз?»

Dalanews 30 қар. 2021 07:08 1040

Бүгінгі таңда брокерлік және инвестициялық қызмет, қор нарығы және бағалы қағаздар туралы қазақ тіліндегі ақпараттар жоқтың қасы. Ақша-қаражат туралы қазақша контентті көбейтіп, қаржылық сауатты көтеруге мемлекеттік ведомстволар да, жеке компаниялар да үлес қосуда.

Осы орайда,  Freedom Finance компаниясының мемлекеттік тілдегі контентті көбейту үшін   ауқымды жұмыстар атқаруда. 

Ең алдымен, компания өзінің корпоративті сайтын қазақшалаудан бастады. Порталда  қор нарығы туралы соңғы жаңалықтарды оқуға болады. Мұнда брокерлік қызмет туралы жан-жақты мағлұмат беріледі. Компанияның  өнімдері мен қаржылық құралдарының бәрі қазақшаға аударылған. 

Сондай-ақ, компания қор нарығына енді аяқ басқан инвесторлар үшін арнайы курс ашты. Freedom Finance академиясының шеңберінде бағалы қағаздарға инвестиция жасауды үйрететін «Инвестициялау өнері» атты курс бар. Бұл сабақтарға жеке қаржысын басқару туралы қарапайым білімі бар және ақшаны үйде немесе депозитте ұстаудың тиімсіз екенін білетін жандар қатысады. Вебинардың барысында ақшаны тиімді инвестициялаудвң жолдарын үйренуге болады. 

Мастер-классқа қатысқандардың жартысынан көбі қор нарығы туралы білім алуды академияның басқа курстарында жалғастырады.

«Нақты мысалдардың негізінде  қор нарығы туралы айтып береміз және сізге ақша салудың тиімді жолдарын көрсетеміз. Қатысушылар вебинар кезінде немесе одан кейін сіз брокерлік есепшот ашып, инвестиция жасауды бастай алады. Академияда оқу курстарын  жалғастыра отырып, кәсіпқой маман ретінде қалай инвестиция жасауды үйренеді»,- дейді Freedom Finance академиясының өкілдері.



Ең бастысы, Freedom Finance-тың Тradernet атты сауда алаңы да қазақша «сөйлейді». Яғни, шот ашып, бағалы қағаздарды сатып алу, сату секілді инвестициялық оперециялардың барлығы қазақ тілінде жүреді. 

Компанияның колл-орталығы  мен клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлері қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген. Клиент өзіне ыңғайлы тілді таңдап, керек мағлұматты ала алады. Әлеуметтік желілерлердегі парақшаларды  қазақша жүргізеді. Ал сарапшылар қазақ тілінде сұхбат беріп, youtube-подкасттарға қатысады.  Сарапшылардың ұсынған инвестициялық идеялары да қазақ тіліне аударылады.   Сарапшылардың ұсынған инвестициялық идеялары да қазақ тіліне аударылады.

 Өңірлік желілермен жұмыс бойынша департамент басшысы Әлібек Сұлтановтың айтуынша, соңғы кездері қазақ тілді аудиторияның қор нарығына деген қызығушылығы артып келеді:

«Қазақстанның барлық өңірінде  қазақтілді аудитория арасында бағалы қағаздарға инвестициялауға сұраныс артуда.

Мысалы, батыс өңірлерде, сондай-ақ, Шымкентте қазақ тілінде сөйлейтін клиенттердің пайыздық арақатынасы 70%-ға жуық. Біз қазіргі таңда  қазақ тілінде Tradernet атты сауда алаңын ұсынамыз. Инвестициялық идеяларды аударамыз,  қазақша  кеңес береміз. Клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі менеджерлеріміз орыс және қазақ тілдерінде байланыс жүргізеді. Болашақта мемлекеттік тілде көптеген оқыту курстарын өткізуді жоспарлап отырмыз”.  

Осы ретте, халықтың қаржылық сауатын көтеруге бағытталған мемлекеттік реттеуші органның атқарған жұмысын да айта кету керек. Мысалы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қор нарығына қатысты ауқымды Fingramota атты жобасы бар.

Жоба аясында қор нарығы туралы мәліметтердің бәрі қазақ тілінде жарияланған.

Қор нарығы туралы қазақтілді ақпаратты қолжетімдігі туралы инвестиция тақырыбына жазатын бизнес-журналист және жаңадан бастап жүрген инвестор Жания Әбдібектің пікірін білген едік:

«Менің қор нарығымен алғаш рет 2016 жылдары таныса бастадым. Ал, инвестициялауды бастау үшін  Freedom Finance компаниясының колл-орталығына хабарласып, кеңес алдым. Компания  маған бір консультантты бекітті.

Оның көмегімен орталық депозитарийден есепшот ашып, алғашқы инвестициямды «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына жасадым. Қазір мобильді қосымшасы арқылы өзімнің брокерлік шотымды қарап, тексеріп отырамын. Бұл компанияны таңдаудағы  себептерінің бірі – қор нарығы туралы өз тілімде қолжетімді әрі түсінікті ақпарат бар. 

Инвестиция әлеміне жаңадан келгендерге берер кеңесім, бізге қор нарығы өте қиын секілді боп көрінеді. Мұндай стереотипті мидан алып тастап, қорықпай, бастап кету керек. Егер бір түсініп алсаңыз, ары қарай оңайырақ болады. Егер ақша құюға бірден дайын болмасаңыз, бастапқыда демо-версиясымен сауда-саттық жасап көрсеңіз болады».

Еліміздің қаржы секторы қазақша «сөйлемейтінін» мойындауымыз керек. Себебі, қазақ тілі әлі қаржы-қаражаттың тілі боп қалыптасып үлгермеді. Көп терминдердің баламасы жоқ. Бар болған күннің өзінде түсініксіз және қаржы туралы ұғымның толық мағынасын бере алмайды.

Мысалы, «хеджирование» деген ұғымның қазақшасы жоқ. Кей сарапшылар «сақтандыру» деп аударып жүр. Алайда, бұл аударма терминнің мағынасы толық ашылмайды. Мұндай мысалдар көп. Атап айтқанда, листинг, көгілдір фишка, эмиссия және т.б.

Қазіргі таңда қазақтілді аудиторияның қаржылық мүмкіндігін елемеуге болмайды. Оларды қор нарығына тарту үшін ана тіліндегі ақпаратты барынша қолжетімді ету керек.


Сондықтан жеке қаржы ұйымдары тарапынан бұл бағытта белсенді жұмыстар жүргізілуде.  

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар