Қонаев қаласында үй жануарларына арналған жем өндіретін жаңа кәсіпорын салу туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі келісімге қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Зауыттың жоспарлы өндірістік қуаты жылына 100 мың тонна өнімді құрайды. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 88,8 млрд теңгеден асады.
Құрылыс жұмыстары 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс. Кәсіпорынды 2031 жылдың 1 қаңтарында іске қосу жоспарланып отыр. Зауытта 200 жаңа жұмыс орны ашылады, оның кемінде 85%-ын қазақстандық мамандар иеленбек. Сондай-ақ қызметкерлер кәсіби оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өтеді.
