Қолымнан келгеннің бәрін жасадым: Сметов жеке мансабына байланысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 01 там. 2024 16:34 1937

Дзюдодан Қазақстан командасының белді мүшесі, еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жеке мансабына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бұл менің соңғы Олимпиадам екенін білдім. Бұл соңғы ойындар... Менің спорттағы карьерам аяқталуға жақын. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Ата-анама, отбасыма, балаларыма жеңіспен ораламын деп уәде бергенмін",- деді Олимпиада чемпионы.

Айта кетейік, Елдос Сметов осы жылдың 9 қыркүйегінде 32 жасқа толады.

Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.

"Елдос ерледі, ағайын! Балуанымыз Париж Олимпиадасының алғашқы алтын жүлдесінсыйға тартып, бәрімізді қуанышқа бөледі. Құтты болсын! Естеріңізде болса, 2019 жылыПарижде өткенде Grand Slam жарысында Елдоскүміспен күптелген еді. Балуанымыз бүгін де өзмықтылығын дәлелдеп, Париж төрінде екіншірет жүлде алды. Елдосты бүгінгі жарқынжеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Олбұған дейін Рио және Токио Олимпиадаларындада жүлдегер атанған еді. Жеңісті жолды бұлжолы да жалғастырды. Бүгін дзюдошылардыңөнерін арнайы барып көрдім. Оңай болған жоқ. Олимпиадаға осал спортшы келмейді. Жарыстың алғашқы күніндегі жүлде өзге де олимпиадашыларымызға жұғысты, жеңісжалғасты болғай", – деді Ермек Маржықпаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар