Қожамжаровтың туған бауыры активтерді қайтару бойынша арнайы тізімге енгізілді

Көркем Алдабергенова 20 нау. 2025 10:20 1923

Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитеті бизнесмен Дулат Қожамжаровты мемлекетке заңсыз өткен активтерді қайтару туралы заң аясындағы арнайы реестрге енгізген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аталған реестрдегі адамдардың аты-жөндері қоғамға жария етілмейді, себебі билік бұл тізімдегі тұлғалардың беделін қорғауды мақсат етіп отыр.

Дулат Қожамжаровтың өкілдері бұл шешіммен келіспей, Бас прокурорға шағым түсірген және Активтерді қайтару жөніндегі комиссияның шешімін жоюды талап еткен. Алайда, олардың шағымы қанағаттандырылмай, комиссия әрекетінің заңдылығы расталды.

Forbes Kazakhstan басылымының мәліметінше, Дулат Қожамжаровтың байлығы 110 миллион долларға бағаланып, елдегі ең ауқатты бизнесмендер рейтингінде 57-орында тұр. Ол – Шымкент қаласында орналасқан ірі өндірістік кешені бар Hill Corporation компаниясының иесі. Бұл компания түрлі техникалық майлар мен жағармай өнімдерін өндірумен айналысады.

Дулат Қожамжаров – бұрын Бас прокурор әрі Сенат депутаты болған Қайрат Қожамжаровтың туған бауыры.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар