Бүгінгі қоғамда жастар тақырыбы ең маңызды мәселелердің бірі. Өйткені елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Бірақ жастардың алдында шешімін күткен мәселелер де аз емес.
Ең бастысы – білім мен жұмыс мәселесі. Көптеген студенттер оқуын аяқтаған соң мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды. Бұл – жастардың болашаққа деген сеніміне кері әсер етеді.
Сонымен қатар, әлеуметтік белсенділік төмен. Кейбір жастар қоғамдағы өзгерістерге бейжай қарап, өз ойын ашық айтуға қорқады. Ал шын мәнінде, жастардың белсенділігі – ел дамуының қозғаушы күші.
Менің ойымша, әр жас білім алуға, еңбек етуге және қоғамға пайда әкелуге ұмтылуы тиіс. Мемлекет те жастарға қолдау көрсетіп, олардың бастамаларын іске асыруға мүмкіндік жасауы керек.
Қорытынды: жастар – елдің болашағы. Біз өз мүмкіндігімізді дұрыс пайдалансақ, Қазақстанның дамуына үлкен үлес қоса аламыз.
Сахи Әсел Хажимуратқызы,
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің
ФММК журналистика факультетінің 1-курс студенті