Freedom Inside '26

Қазақстан Орталық Азияда ішімдікті ең көп тұтынатын ел атанған

Қазақстан Орталық Азияда ішімдікті ең көп тұтынатын ел атанған
respublika-center.ru

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен World Population Review зерттеу платформасының дерегіне сүйенсек, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алкогольді ең көп тұтынатын мемлекет ретінде танылған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстанда 15 жастан асқан бір тұрғын жылына орта есеппен 5,4 литр таза спирт тұтынады. Бұл көрсеткіш өңірдегі өзге елдерден жоғары.

Қырғызстанда бұл көрсеткіш 3,9 литр болса, Өзбекстанда 2,1 литр, ал Тәжікстанда 0,7 литр болған.

Соған қарамастан Қазақстан әлемдік рейтингтің көш басында тұрған жоқ. 

Рейтингтің алғашқы бестігіне Румыния, Грузия, Латвия, Молдова және Чехия кірді. Бұл елдерде жан басына шаққандағы таза спирт тұтыну көлемі жылына 13,7-17,1 литр аралығында.

Ал алкогольді ең аз тұтынатын елдер қатарында Пәкістан, Мысыр, Иран, Сирия және Кувейт аталған.