Қаржылық мониторинг агенттігі БЖЗҚ қаражатын заңсыз шығару ісіне қатысы бар үш күдіктіге іздеу жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
БЖЗҚ қаражатын стоматологиялық қызмет көрсету көрінісімен заңсыз шығару схемасын ұйымдастырды деп күдіктелетін үш азаматты іздестіру жариялады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қаржылық мониторинг агенттігі келесі жалған стоматологиялық клиникалардың иелерін іздеуде:
- Дүйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.,
- Имамбаев Ғаббас, 18.05.1998 ж.т.,
- Елешев Есимхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т.,
олар БжЗҚ қаражатын стоматологиялық қызмет көрсету көрінісімен заңсыз шығару схемасын ұйымдастырды деп күдіктелуде. Аталған іс бойынша шығын сомасы 46 млрд теңгеден асады", — деп хабарлады агенттік.
Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер Ақтау және Атырауда жеті стоматологиялық клиниканы тіркеп, бірақ оларда нақты медициналық қызмет көрсетілмеген.
Іздестіріліп жатқан тұлғаларға қатысты сот шешімі бойынша қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
ҚМА мәліметіне сүйенсек, күдіктілердің бірі Дүйсенов А.Қ. бұрын полицияда қызмет еткен, бірақ теріс себептермен қызметінен шығарылған. 2016 жылы ол ҚР ҚК 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) және 362-бабы (қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша ауыр қылмыстар жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған.
"Егер сізге іздестіріліп жатқан тұлғалардың мекен-жайы туралы ақпарат белгілі болса, оны +7 7172 70 84 78 телефоны арқылы Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарлауыңызды сұраймыз. Ақпарат берушілерге сыйақы және анонимділік кепілдендірілген", — делінген хабарламада.