ҚМА блогер Жанәбілов қалай жазаланатынын айтты

Көркем Алдабергенова 04 қыр. 2025 13:07

Миллион жазылушысы бар блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова автокөлік ұтыстарына байланысты қылмыстық жазаға тартылмайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

Оның айтуынша, блогерлерге тек онлайн-казино жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық іс тек олардың құмар ойындарын ұйымдастыруға, пайданы бөлуге немесе өзге де жолмен қылмыстық схемаға қатысы дәлелденген жағдайда ғана қозғалады.

«Егер блогерлер онлайн-казиноны ұйымдастыруға, пайданы бөлуге немесе қандай да бір жолмен қылмысқа көмектескен болса, онда олар сыбайлас ретінде жауапқа тартылады. Ал әңгіме тек жарнама жайында болса, ол үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген», – деп түсіндірді Елемесов.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар