Қызметін асыра пайдаланған: құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері Түркиядан экстрадицияланды

Сағыныш Сардарова 15 қыр. 2025 11:10

Құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері Түркиядан экстрадицияланды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан азаматы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғаны және билігін асыра пайдаланғаны үшін Түркия Республикасынан экстрадицияланды.

Тергеу мәліметтері бойынша күдікті 2015–2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының бірінде басшылық қызметті атқара отырып, ойын бизнесі саласындағы заңсыз әрекеттерге қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде ақшалай сыйақы алған.

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

"2024 жылы қаңтарда іздеудегі азамат Түркия Республикасының Измир қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар