Қызылша – жұқпалы және тез таралатын жедел вирустық инфекция. Дәрігердің айтуынша, 5 жасқа дейінгі балалардың 30%-ында бұл ауру тез асқынады, әсіресе тамақ ішуі бұзылады және иммунитеті күрт нашарлайды.
«Қызылша. Клиника, диагностика және емдеу. Өткен қателіктер» атты семинарға елорданың ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі медициналық ұйымдарының басшылығы, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, балалар стационарларының кабинеті мен қабылдау бөлімшесінің дәрігерлері қатысты.
– Вирус мұрын-жұтқыншақ шырышының микроскопиялық ұсақ бөлшектерінде, тыныс алу жолдарында кездеседі. Олар жөтелгенде және түшкіргенде айналасына тез таралады. Қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитет вакцинация арқылы ғана қалыптасады, – деді Динагүл Баешева.
Іс-шараның мақсаты – әлемдегі қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты аурушаңдық туралы дәрігерлердің білімін арттыру.