Биыл Қызылорда облысында 550 дәрігер мен 1300 орта медициналық маманды оқытуға жіберу жоспарланған болатын. Бірінші жартыжылдықтың өзінде 650-ден астам дәрігер мен 2000-нан астам орта медицина қызметкері өз біліктілігін арттырудан өтті. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Нәтижесінде бір жылда бірінші санаттағы дәрігерлер үлесі 21-ден 30 пайызға дейін өсті. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады. Негізгі мақсат – дәрігерлерге соңғы технологияларды меңгертіп, науқастарды емдейтін мамандарды дайындау.
Осы мақсатта А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығымен, сондай-ақ, Қазақ медициналық университетімен үздіксіз білім беру жөнінде әріптестік байланыс орнаттылған. Қазіргі таңда мамандарды хирургияның трансплантология секілді қиын бағытына да оқытылып жатыр.