Қызылорда облысында ҰҚК-нің облыстық департаменті қызметкерлері Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіхалықовты ұстады. Дереккөздің мәліметінше, ол сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті, деп хабарлайды Dalanews.kz
Kozachkov offside таратқан ақпаратқа сәйкес, судьяға тағылған айып 2024 жылы алаяқтық қылмысы үшін сотталған азаматтың арызы негізінде қозғалған. Тергеу деректеріне қарағанда, сотталған адамның туыстары үкімді жеңілдету үшін Даурен Әбдікалықовқа 6 миллион теңге берген. Нәтижесінде айыпталушы шартты жаза алған.
Бұдан бөлек, біраз уақыт өткен соң сол азамат тарапынан жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босату мәселесін шешу үшін тағы 300 мың теңге берілгені айтылып отыр.
