Қыз зорлау оқиғасы: Марат Күштібаев сотқа шағым түсірді

Қаракөз Амантай 17 шіл. 2024 18:23 3426

Кабинетінде қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев үкіммен келіспейтінін айтып, сотқа апелляциялық шағым түсірген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Жетісу облыстық сотына Марат күштібаевтың апелляциялық шағымы түсті", - деп растады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, биыл сәуір айында Талдықорған қалалық соты полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты 11 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Бұған дейін прокурор зорлық дерегі бойынша күдікке ілінген Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға соттауды сұрады.

Айта кетейік, 5 наурызда Күштібаевтың денсаулығына байланысты сот отырысы кейінге қалған еді. Жедел жәрдем оны сот залынан әкетіп, аурухананың кардиология бөліміне жеткізген.

Еске салайық, былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.

Сонымен қатар бұған дейін сот отырысы басталғаны да айтылды.

"Талдықорған қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағымен айыпталған күдікті К-ға қатысты қылмыстық істі қарауды бастады. Процесс жабық режимде өтіп жатыр",- деп хабарлады бұған дейін Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінен.

18 наурызда Зорлық дерегі бойынша күдікке ілінген Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы жалғасты.

Жалпы Күштібаевтың ісі бойынша сот отырысы ақпанда басталған, процесс жабық өтіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу ісі Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі ("қызметтік міндетін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша жүргізілген.

Ал 5 наурызда Күштібаевтың денсаулығына байланысты сот отырысы кейінге қалған болатын. Себебі жедел жәрдем оны сот залынан әкетіп, аурухананың кардиология бөліміне жеткізген.

Tengrinews.kz мәліметінше, бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеген.

"Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("Зорлау") бойынша айыпталып жатқан К. бойынша қылмыстық іс Талдықорған сотында қаралып жатыр. Сот отырысы 28 наурызға белгіленді", - деп жазылған соттың баспасөз қызметі мәліметінде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар