Freedom Inside '26

Қыз зорлады деп айыпталған полиция бастығы Күштібаевтың соты басталды

Қыз зорлады деп айыпталған полиция бастығы Күштібаевтың соты басталды

Қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Талдықорған қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағымен айыпталған күдікті К-ға қатысты қылмыстық істі қарауды бастады. Процесс жабық режимде өтіп жатыр",- деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.