Министрліктің мәлімдеуінше, 27 қаңтардан бастап Алматы - Нұр-Жолы - Үрімші, Өскемен - Майқапшағай - Үрімші, Жаркент - Қорғас - Құлжа, Аягөз - Бақты - Зимұнай бағытындағы автобус қатынасы тоқталыған. Ал 1-ақпаннан бастап әуе тасымалымен бірге Қытайға бағытталған жолаушылар пойыздары да тоқтатылыпты.
Бұған дейін ҚХР-да жарияланған карантинге байланысты Ухань қаласынан 83 қазақстандық азаматтар мен армениялық, қырғыз мен беларусиялық 24 азамат эвакуацияланған еді.
Қазақстаннан Қытайға Нұр-Сұлтан және Алматы мен Бейжің, Үрімші, Сиань, Санья, Хайкео қалаларының арасында отандық Air Astana, SCAT және қытайлық China Southern Airlines, Air China әуе тасымалдаушылары қатынайтын еді.
Министрлік өкілдері 2020 жылдың 3 ақпанынан кейін Қытайға сапар шекпекші болып, әуе билетін сатып алған тұрғындарға оны кері қайтару қажет деп айтты.
"Билет сатып алуға кеткен сома айыппұлдық санкциясыз толығымен қайтарылатын болады", - делінген ресми хабарламада.