Қытай инвесторлары Түркістанда электр қуатымен жүретін көлік зауытын салуға ниетті

Dalanews 19 қар. 2018 05:14 663

Өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың айтып өткеніндей өңірдің экономикалық әлеуетін арттырғысы келетін инвесторларға барынша жағдай жасалады.


«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан мен Қытай арасында стратегиялық байланыс орнаған. Нәтижесінде екі ел арасындағы тауар айналым 10,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Бір ғана біздің облыстың өзінде қытайлық компаниялардың қатысуымен 5 бірдей жоба жүзеге асып отыр. Болашақта өздеріңізбен дипломатиялық қарым - қатынасты нығайта отырып, инвестициялық жобаларды жүзеге асырамыз деген ойдамыз», – дейді Жансейіт Қансейітұлы.


Ал қытайлық компаниялар облыста қорғасын және мырыш қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт салуға ниетті. Жалпы құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын жоба жылына 300 мың тонна қалдықты өңдеуге қауқарлы. Зауыт іске қосылса, 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Бұдан бөлек өңір басшысы қытайлықтарды екі жақты меморандум түзуге шақырған болатын. Осының негізінде қазіргі таңда Түркістанда өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерін Қытайға экспорттау мәселесі талқылануда. Жансейіт Түймебаев қытайлық инвесторларға электр қуатымен жүретін көлік шығаратын зауытты Түркістаннан салуды ұсынған еді. Қонақтар бұл ұсыныстарға қызығушылық танытып, аталған жобаларды бірге жүзеге асыруға дайын екенін айтты.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар