"Қытай шекарасында 14 миллиард доллар "жоғалған": Депутаттар мән-жай айтылуын талап етіп отыр

Cағыныш Сардарова 26 нау. 2025 17:56 996

"Ақ жол" партиясы фракциясының депутаты Ержан Бейсенбаев саудадағы импорт көрсеткіштерінде қате барын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың сөзінше, бюджетті қалыптастыруда қосылған құн салығы маңызды рөл атқарады. 

“Экспортқа қосылған құн салығы тауардың тағайындалған жерінде, яғни алушы елдерде төленеді. Одан бөлек Қазақстан бұл сомаларды экспорттаушыларға біздің бюджеттен қайтарады. Бюджеттің кіріс бөлігін ішкі операциялардан және елімізге келетін тауарлар импортынан түсетін қосылған құн салығы құрайды. Алайда импорттың едәуір бөлігі Қазақстанға тиісті кедендік ресімдеусіз, экономикалық контрабанда арқылы келеді. Сол арқылы ұлттық экономиканың мүддесі мен бюджет кірісіне зиян келтіреді”, – дейді депутат. 

Ержан Бейсенбаевтың айтуынша, ел бюджетіндегі осы "көлеңкелі импорт" бойынша қосылған құн салығының алынбай қалған үлесі - 1,5 миллиард доллар.

“Мәселен 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан Қытайға импорттың кедендік статистикасында 13 миллиард 750 миллион доллар болатын рекордтық алшақтық анықталған.
Сарапшылардың бағалауынша, ел бюджетіндегі осы "көлеңкелі импорт" бойынша қосылған құн салығының алынбай қалған үлесі - 1,5 миллиард доллар (756 миллион 315 мың теңге). Төленбеген кедендік баж салығын айтпағанда, 850 миллиард теңге”, – деді депутат. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар