Қыркүйектен бастап кімдердің жалақысы өседі?

Сағыныш Сардарова 02 қыр. 2025 10:22

Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді көздейтін "Табиғи монополиялар туралы" заңға енгізілген түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазір Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі осы заңды іске асыруға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы биыл қыркүйектен бастап артады. Ел бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсететін 25 мыңнан аса қызметкердің жалақысы өседі. Аймақтарға байланысты және ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес еңбекақы орта есеппен 35-50%-ға көбейеді", - деп жазылған хабарламада.

Бұл түзетулерді әзірлеу былтыр басталған болатын. Биыл маусымда заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар