Қырымбек Көшербаев: "Қазақстанда газ өңдейтін зауыттар салынуы керек"

Dalanews 23 ақп. 2017 07:55 805

«Арал теңізінің шөгіндісінен және басқа да бассейндерден табиғи газ іздеу жұмыстарын жандандару керек» деп есептейді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі бейресми кездесуде айтты.

«Оларға газ шығару тиімсіз. Өйткені, «ҚазТрансГаз» газды газдың өз құнынан әлдеқайда төмен бағамен алады. Ал, Қазақстанда өндірілмеген 6 – 8 трлн.м3 шамасында табиғи газ қоры бар» дейді Қырымбек Көшербаев.

Облыс әкімінің айтуынша, мұнай өндіру төмендеген қазіргідей шақты оның орнын газ өндірумен жабуға болады.
«Әлемде газ тұтыну көлемі өсіп келеді. Сондықтан Қазақстанда газ өңдейтін зауыттар салынуы тиіс. Ол шикізатты емес, дайын өнімді экспорттауға мүмкіндік береді»

дейді Көшербаев.

Сондай-ақ, Қырымбек Көшербаев газға әділ баға қою қажет екенін айтады.

«Сатып алынатын газға әділ баға қойған жөн. Бұл жер қойнауын пайдаланушыларды газ өңдеуге ынталандырады. Болмаса ішкі нарыққа шығатын газға квота белгілеу керек болар» деп сөз түйіндеді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, облыс әікімі Қызылордада «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында газтрурбинді электростанция салу жұмысы басталатынын да атап өтті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар