Қырғызстан Қазақстанға ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдіктіні берді

Сағыныш Сардарова 07 сәу. 2025 10:05 521

Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол 2023 жылғы маусымда адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы Алматы қаласындағы банктердің біріне клиенттердің атынан банк шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы хабарламалар жіберіп, банк шоттарына қол жеткізген.  

Осыдан кейін күдікті қашықтан қол жеткізу арқылы 5 жәбірленушінің шотынан "дропперлердің" банк шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген. Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 230 миллион теңгеден аса шығын келтірілген.

"Биыл қаңтарда ол Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар