Қылмыс әлемінің серкесі: Леха Семипалатинск Ресей түрмесінде қайтыс болды

Қаракөз Амантай 10 қаз. 2024 09:18 132324

Қылмыс әлемінде “Леха Семипалатинск” деген атпен танымал 66 жастағы Айтқали Маймұшев Ресей түрмесінде өлі күйінде табылды. Деректерге сүйенсек, ол өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол Карелия Республикасындағы Надвоицы ауылындағы түзету колониясында жазасын өтеп жатқан. Оның өлімі туралы ресейлік Prime Crime Telegram арнасы ақпарат таратты.

2023 жылдың шілдесінде Мәскеу қалалық соты Маймұшевті қылмыстық иерархияда жоғары лауазымға ие болғаны және есірткі саудасымен айналысқаны үшін кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар