Қылмыс әлемінің серкесі Көлбаевтың көліктері мемлекеттік органдарға берілді

Dalanews 17 қаң. 2024 09:50 312

Қырғызстанның қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшыбек Көлбаевтың автокөліктері мемлекеттік органдарға өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz 24.kg сайтына сілтеп.

Басылым мәліметінше, құны 1,15 миллион сом тұратын 2019 жылғы Kia Rio X-Line және құны 25,5 миллион сом тұратын Mercedes-Benz автокөлігі мемлекеттік органдарға берілген. Автокөліктерді ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған Көлбаевтың отбасы берген.

"Kia Rio X-Line Ұлттық қауіпсіздік Мемлекеттік комитетіне, ал Mercedes-Benz S600 Президент пен Министрлер Кабинетінің басқармаларына берілді", - делінген хабарламада.  


Қамшыбек Көлбаевтың тағы төрт автокөлігі аукционға қойылған.

Айта кетейік, Қамшыбек Көлбаев (Камчибек Кольбаев) - Қырғызстандағы ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі. Көлбаев ұзақ жыл бойы тағы бір ҰҚТ жетекшісі Рысбек Акматбаевтың көмекшісі болған. Алайда олар 1990-жылдары екіге кеткен. Сол жылдары Актамбаев Көлбаевтың кәсібін тартып алған деген қауесет те тараған.

2000 жылы Актамбаевты өлтіруге әрекет жасалған. Оның қасындағы екі адам да өлі табылды, ҰҚТ жетекшісінің өзі жарақаттанған. Актамбаевты өлтіруге әрекет жасаған деген күдікке Көлбаев ілінген. Осылайша Көлбаев 25 жылға сотталған. Бірақ ол бұл мерзім бойынша түрмеде соңына дейін отырған жоқ.

Былтыр 4 қарашада Бішкектегі арнайы операция кезінде қылмыс әлемінің серкесі Қамшыбек Көлбаев ұсталған болатын. Бұл көрші елде қызу талқыға түскен жайт болды. Көлбаев арнайы операция кезінде ұстау барысында өлтірілген болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар