Алматы қаласының прокуратурасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің жеке және медициналық деректерінің таралу фактісі бойынша тексеріс бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қадағалау органы жүргізіп жатқан тексеру аясында деректердің сақталуына жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға берілмек. Атап айтқанда, олардың Қазақстан Республикасының "Жеке деректер және оларды қорғау туралы" заң талаптарын сақтау деңгейі зерделенеді.
Прокуратураның мәліметінше, егер заңбұзушылықтар мен деректерді заңсыз жария ету фактілері расталса, кінәлі тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Алматы қаласының прокуратурасы жағдайды бақылауда ұстап отыр.
