2014 жылдың соңында ҚазҰУ-дың қауіпсіздік қызметі мен аудиторлық тексеріс нәтижесінде алаяқтық және студенттердің бухгалтерия мамандары – С. Жекенова, Д.Тұрсынбекова, Б. Нұрланмен келісу арқылы оқу ақысын төлеуден жалтару фактісі анықталды. Бұл факті бойынша материалдар толығымен тез арада құқық қорғау органдарына жолданды.
Бұрынғы ҚазҰУ басшылығы кезінде жұмысқа қабылданған олар 2008 жылдан бастап ақшалай қаражаттарды иемденуге байланысты заңсыз алаяқтық әрекетін іске асырып келген. С.Жекенова заңсыз әрекеттердің бастамашысы. Ол алғашында қаржы-шаруашылық қызмет бойынша бұрынғы проректор С. Шаяхметовтің қабылдау бөлмесінде жұмыс істеп, кейін оның ауыстыруымен бухгалтерияда қызмет атқарған.
ҚазҰУ-да қолма-қол ақшалай төлем жасауға қатаң тыйым салынғанына қарамастан, жоғарыда көрсетілген бухгалтерия қызметкерлері оңай олжа табу мақсатымен таныс, дос және туған-туыс қатарындағы студенттерге оқу ақысы бойынша заңсыз жеңілдік алуды ұсынған.
Олар студенттерден қолма-қол ақшалай қаражат алып, сосын иемденіп отырған. Өздерінің заңсыз әрекетін жасыру мақсатында олар бухгалтерияның электронды базасына рұқсаты болғандықтан, өзара келісімде бола отырып, өткен мерзіммен студенттердің оқу ақысы төленгені туралы есептерге өтірік ақпарат енгізіп отырған.
[caption id="attachment_11405" align="alignleft" width="249"] Әсел Қыдырбай [/caption]
Сондай-ақ қаржы ұрлау алаяқтық схемасын жүзеге асыруға студент Әсел Қыдырбайдың қатысы бары анықталды. Университетте «Қазмұнайгаз» гранты бойынша білім ала отырып, ол пайдакүнемдік мақсатта университет бухгалтериясының маманы Б.Нұрланмен келісімге келіп, әртүрлі банкте екі жеке шот ашқан. Сосын осы есепшоттарға «Қазмұнайгаздан» оқу үшін түскен қаржы заңсыз аударылып отырған.
Ақшалай қаржыны Әсел Қыдырбай жеке есепшотынан шешіп отырғандықтан, ол алаяқтық әрекет пен ақшалай қаржы ұрлауға қатысушы ретінде күдіктенеді. Сондай-ақ ол басқа студенттерден ақша жинауды ұйымдастырды және оны Б. Нұрланмен бірге иемденді деген күдік бар.
Ә.Қыдырбай банктік шоттардан ақшалай қаражат алғанын мойындай отырып, университет әкімшілігінен бірнеше рет ұрланған соманы қалпына келтіру және қайтару үшін уақыт беруді және мемлекеттік емтихандарды тапсырып, диплом жұмысын қорғауға мүмкіндік беруді өтінді.
Университет әкімшілігінің оның ұрланған соманы қайтару мерзімін созу туралы өтінішін орындағанына қарамастан, Қыдырбай өз міндеттерін орындаған жоқ.
БАҚ-та шулы мақала жариялау мен бопсалау, қоқан-лоққы жасау арқылы университет бітіргені туралы дипломды талап ете бастады.
Қазіргі таңда бұрынғы бухгалтерия мамандарына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Халықаралық қатынастар факультетінің 4-курс студенті Ә.Қыдырбайға қатысты сотқа дейінгі тексеріс жүргізілуде.
БАҚ-та келтірілген қарыз студенттер саны шындыққа сәйкес келмейді. Бүгінгі таңда студенттер оқу үшін қарыздарын толықтай өтеді. Оқу үшін қарызы бар 10-нан аспайтын студент жуық арада қарызды өтеу туралы жазбаша міндеттеме берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі