"Қазпошта" басшысы қанша жалақы алады?

Қаракөз Амантай 04 жел. 2024 12:08 2148

Қазпошта төрағасы Әсел Жанасованың қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Айлығым — 1 млн 200 мың теңге”, — деп жауап берді ол Мәжіліс дәлізінде.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда басшылық қызметте жұмыс істейтін лауазымды түлғалардың орташа жалақы көлемі 788,7 мың теңгені құрайтыны туралы жазған едік. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 52,2 пайыз артық. Ал әкімдер мен министрлер жалақысы орташадан жоғары. 

"Алайда статистикалық деректерге сүйенсек, бұл Қазақстанда бастық болып жұмыс істейтіндердің барлығы 788,7 мың теңге жалақы алады деген білдірмейді. Бұл ұлттық компания топ-менеджері мен шағын және орта кәсіпорын басшылары табысының орташа көлемі десек, дұрысырақ болады", дейді finprom.kz сарапшылары.

Мысалы, Қазақстанда ұлттық компания филиалының жетекшілері арасында 14,3 млн теңге алатындары бар, кейбір фирма басшылары айына 10 млн теңге табыс табады, сол секілді әлеуметтік қамту орталық басшылары 364,2 теңге жалақы алады.  

Жалпы, 788,7 мың теңге жалақы алатын басшылар еліміздің қарқынды дамушы бес өңірінде тіркелген. Ең жоғары жалақыны Алматының бастықтары алады: 1,2 млн теңге. Атырауда бастықтар 983,5 мың теңге, Маңғыстауда 791 мың теңге, Астанадағы компания бастықтары 853,8 мың теңге жалақы алады.

Салаларға келсек:

  • балабақша меңгерушілері - 319,2 мың теңге;
  • ветеринарлық клиника басшысы - 348,1 мың теңге;
  • мектеп директоры - 384,5 мың теңге;
  • бас дәрігер — 507 мың теңге;
  • мемлекеттік мекеме бастығы — 461,3 мың теңге.

Шенеуніктерге келетін болсақ, ең жоғары жалақы Үкімет басшысы мен оның орынбасарларына тиесілі: айына 2,5 млнтеңгеден.

Облыс әкімдері орташа есеппен 1,7 млн теңге, министрлер 1,5 млн теңге, Мәжіліс депутаттары 1,3 млн теңге, сенаторлар 1,1 млн теңге жалақы алады.

Бұл - Ұлттық статистика бюросының ашық дерекккөзіндегі ақпараттар.

Ақпарат және байланыс саласындағы басшылар орташа есеппен 1,1 млн теңге жалақы табады. Сондай-ақ ІТ саласындағы мына мамандар жалақысы жоғары:

  • ІТ архитекторлар – 1 млн теңге,
  • бизнес сарапшылар – 1,4 млн теңге,
  • аниматорлар – 1,8 млн теңгеге дейін,
  • компьютерлік графикамен жұмыс істейтін суретшілер 1,4 млн теңге.

Орташа жалақы көлемінен 35 есе артық төленетін әрі кәсіби атауы да өзгеше мамандық - инженерия психологы. Техникалық жүйе қалтқысыз жұмыс істеп, компанияға табыс әкелетіндей етіп оны үйлестіре алатын бұл маман елімізде тапшы көрінеді.

Бұған дейін қазан айында Еңбек нарығында тіркелген ең жоғары жалақы көлемі қанша екенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ қазақстандықтардың нақты жалақы өсімі экономикалық өсімнен әлдеқайда артта қалып жатқанын, ал жоғары жалақы жұмыс істейтін адамдардың 9 пайызының еншісіне бұйырып отырғанын да біздің сайттан оқи аласыздар. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар