Қазнет Қазақ тілін, полицейлер мен президентті қорлаған азаматшаны тауып, жазаға тартуды талап етті

Көркем Алдабергенова 29 шіл. 2025 10:36

Әлеуметтік желіде белгісіз әйелдің құқық қорғау органы ғимаратының күзетінде тұрған полицейге айқайлап, бірнеше заң нормасын өрескел бұзған видеосы тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видеодан оның күзет қызметкеріне тіл тигізіп қана қоймай, Қазақстан мемлекеті, қазақ тілі, президент пен полиция қызметі туралы ауыр әрі қорлап сөйлеуге дейін барғаны байқалады.

Кадрларда әйел құқық қорғау мекемесінің ішіне кіруге талпынып, полицеймен жанжалдасып тұрған сәті көрінеді. Әңгіме барысында күзет қызметкері оның әрекетін қазақ тілінде басшылыққа жеткізген болуы мүмкін.

«Қазақ мені қазақша түсінбейді деп басшысына мені “шу көтеруде” деп айтты. Мен өз құқығымды қорғап тұрмын! Масыл мемлекет! Сенің Тоқаевың маған азаптау камерасынан видео бергізбей отыр. Түсіндің бе? Мен саған айтып тұрмын – менің өзге ұлт екенімді біле тұра қазақша сөйлеп көрші. Көр де тұр, мен сені сотқа беремін! Сен осы жерде жалақы алып отыруың үшін мен салық төлеп отырмын, ұқтың ба? Керек болса, қазақ тілін сенен артық түсінемін. Басындырып біттіңдер! Өзге ұлт өкіліне құрмет жоқ. Бәрің сепаратистіңдер!» – дейді ол.

Бұл сөздерін әйелдің өзі видеоға түсіріп, жариялаған. Алайда қоғамда бұл әрекет үлкен сынға ұшырады. Көпшілік оны заңға қайшы, мемлекетке және мемлекеттік тілді қорлайтын мәлімдеме жасады деп есептеп, жауапқа тартуды талап етіп жатыр.

Желі қолданушылары мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтынын, әсіресе этносаралық келісім мен мемлекеттік рәміздерге құрмет сынды құндылықтар сақталуы тиіс екенін ескертуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар