Қазығұрт елді мекеніне қарасты «Болашақ» мөлтек ауданынан 2 қабатты 16 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 460,4 млн. теңге қаралып, 2017 жылға 179,0 млн. теңге бөлінсе, 2018 жылы қосымша 84,9 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жылы аталған көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Сол сияқты Қ.Әбдалиев ауылдық округі, Атбұлақ елді мекенінде 17 пәтерлі, бір қабатты қызметтік тұрғын үй құрылысы басталды.
Бүгінгі күнде Қазығұрт ауданында «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға өтініштер түспеген. Қазығұрт елді мекенінде 2019 жылдың 1 жарты жылдығында 2 қабатты 10 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып, пайдалануға қабылданған соң «7-20-25» бағдарламасына өтініштер келіп түскен жағдайда тұрғын үй беріледі және «Қазығұрт тынысы» газетіне «7-20-25» бағдарламасы бойынша хабарландыру жарияланып аудан орталығына билборд ілінген.
Жоғарыда атап өтілген көрсеткіштер мен алға қойылған тапсырмаларды ескере келе, алдағы уақытта Елбасы саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға және Қазығұрт ауданы тұрғындарының әлеуметтік мәселелелерін шешуде аудан әкімдігі барлық мүмкіндіктерді толық пайдаланып жұмыс істеуде.
Dalanews.kz