Қазығұртта «Рухани жаңғыру» бойынша жыл басынан бері 51 іс-шара ұйымдастырылды

Dalanews 13 қар. 2018 03:37 675

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 12 сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән берді. Осыған орай,  Қазығұрт ауданында бағдарламаға сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-маусым айының аяғына дейін рухани қазынамызды паш ету мақсатында  51 іс-шаралар өткізіліп, аудан көлемінде 1952 адам  қам «Өнегелі құндылықтар» бойынша 21 іс-шара, қатысушылар – 600адам.

Қазығұрт ауданында «Туған өлке мәдениеті» бойынша 13 іс-шара ұйымдастырылып, оған 678 адам қатысты. Ал «Тарихи-мәдени мұра» бойынша 15 іс-шара өтіп, оған қатысушылар – 554 адам құрады. Сол сияқты «Жергілікті туризм» бойынша 2  іс-шара өтіп, 120 адам қатысты.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері аудандағы мәдениет нысандары республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден бөлінген 504 млн. теңге қаржыға ағымдағы және күрделі жөндеулер мен құрылыс жұмыстары жүргізілді. Барлық мәдениет нысандары жылу жүйесімен қамтылған, апатты жағдайдағы мәдениет үйлері жоқ.

Аудандық орталық кітапхананың кітап қоры – 355708 дана болса, жаңа түскен кітаптар саны – 3017 дана. Өнегелі құндылықтың маңызын арттырып, оқырмандарға кеңінен насихаттау мақсатында «Кітапханаға кітап сыйлайық!» акциясы өткізіліп, 681  дана құнды кітаптар сыйға тартылды. Кітап қорын жергілікті жазушылардың туған өлке тарихынан сыр шерітетін туындыларымен толықтыру және кітап оқырмандарын тарихымызды, мәдениетімізді,  ұлттық құндылықтырымызды насихаттайтын туындыларды оқуы үшін сондай-ақ кітаптарды алмасып, пайдалану мақсатында барлық кітапханалардан  буккросинг бұрыштары ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетілуде.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар