Қазіргі күнге 3 жоба бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Ауданда 2018-2020 жылдары 17 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарына жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 2021 жылы табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 61-ге, 95,3 пайызға жеткізу жоспарланған.
Сол сияқты Қазығұрт ауданында 63 елді мекен орталықтандырған электр желісіне қосылған және бір елді мекен дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген, яғни ауданымыз 99,9 пайызы электр жарығымен қамтылған. 2018 жылы 8 елді мекеннің көшелерін электр жарығымен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттары (ЖСҚ) әзірленуде.
Жалпы, аудан 2017-2020 жылдарға арналған электр энергиясымен қамту жоспары бойынша электр қуатымен толық қамтылады.