Бүгінде аудан халқына 63 емдеу мекемесі қызмет көрсетеді. 2018 жылы 10 айда диспансерлік есепте тұратын науқастар 113, 9 млн. теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.
Басты бағыт ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Осы мақсатта жүйелі тұрде ана мен нәрестелер өлімін болдырмау көрсеткішін барынша төмендетуге арналған іс-шаралар атқарылуда.
2018 жылғы 10 айда 2243 бала туылып, 1000 тірі туылған балаға есептегенде көрсеткіші 21,0 пайызды құрады. Жүректің ишемиялық ауруы 18,2 пайызға, артериальды гипертензия 6,3 пайызға азайған.
1 жасқа дейінгі нәрестелер өлімі 9,8%, онкологиялық ауруларының өлім көрсеткіші 40,2%-ды құрады. 2018 жылы 10 айда ана өлімі тіркелмеген.
Ауданның денсаулық сақтау саласына жауапты тұлғалар ауданда әрбір көрсеткішті төмендету бойынша профилактикалық алдын алу шаралары үздіксіз жалғасын табатынын алға тартуда.
Dalanews.kz