ҚазАвтоЖол ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түріне жол қозғалысын уақытша шектеу туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мекеме мәліметінше, жалпы ұзындығы 400 шақырымнан асатын жол учаскелері жабылған.
Ұлытау облысында “Қызылорда – Павлодар” автожолының 216-424 шақырымы аралығында (Қызылорда облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтатылды.
Сондай-ақ, Қызылорда облысында осы жолдың 12-216 шақырымы аралығында (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысы шекарасына дейін) қозғалысқа шектеу қойылды.
Жолдарды қайта ашу 2024 жылғы 20 қараша күні сағат 20:00-ге жоспарланып отыр.