«Қазақтелеком» АҚ ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатының техникалық серіктесі болды. Чемпионат Алматы қаласында өтті, жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен шамамен мың спортшы қатысты. Турнир жеңімпаздары 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан атынан қатысу құқығына ие болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Серіктестік аясында компания аренаны 2000 Мбит/с жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етті, бұл чемпионаттың онлайн-трансляцияларының жақсы өтуіне және цифрлық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мұндай деңгейдегі жарыстарды қолдай отырып, «Қазақтелеком» АҚ елдегі цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және жаппай әрі кәсіби спортты насихаттауға өз үлесін қосады. Компания ірі спорттық шараларды жоғары технологиялық деңгейде өткізуге жағдай жасайды.
«Дамыған телеком-инфрақұрылым бізге кез келген ауқымдағы іс-шараларда цифрлық қызметтердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің мамандар қызметке қосылуды жылдам ұйымдастырып, қажетті жабдықты орнатып, чемпионаттың барлық кезеңінде байланыстың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. Сенімді интернет байланысының арқасында күрес онлайн-трансляциялары кедергісіз өтті, ал көрермендер бүкіл ел бойынша жарыстар барысын жоғары сапада тамашалай алды», — деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес жөніндегі дивизионның Клиенттік қосылыстар департаментінің директоры Гүлмира Үрінбаева.
