Әлеуметтік желіде ақын Мұхтар Шахановтың атынан ашылған парақшада ұранды жазба пайда болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазақстанда қазақтар орыс тілін білуге міндетті емес!" - деп жазылған жазбада.

Желі қолданушылары арасында бұл жазба қызу талқыланып жатыр:
"Тіл білгеннің еш зияны жоқ, пайдасы көп", "Міндетті емес, білген дұрыс", "Орыс тілін білмесе, жұмысқа кіру қиын кей жерлерде", "Қанша тіл білсең де өзің білесің, бірақ ана тілді білуге міндеттісің", "Қолдаймын!"
Айта кетейік, Мұхтар Шаханов қазақ тілін ұлттың ар-ожданы деп танып, оның тағдыры үшін өмір бойы күресіп келеді. Ол өз шығармаларында ана тілінен айырылған халықтың рухани күйі әлсірейтінін ашық айтады. Ақын үшін қазақ тілін қорғау - тек мәдени мәселе емес, ұлттық жауапкершілік.
