2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 15 мың АҚШ долларын құрады. Бұл туралы 2025 жылғы ЖІӨ-нің нақтыланған деректерінде айтылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылы елде өндірілген жалпы ішкі өнім көлемі 159 трлн 608,6 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 6,5 пайыз жоғары.
Ал Ұлттық банктің орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептегенде, Қазақстан экономикасының көлемі 306 млрд АҚШ долларын құрады.
Былтыр мұнай-газ секторының жалпы қосылған құны 24,1 трлн теңгені немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 15,1%-ын құраған. Ал жалпы шикізат секторындағы қосылған құн 24,8 трлн теңгеге жетіп, ЖІӨ құрылымындағы үлесі 15,5% болды.
Сонымен қатар 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы бақыланбайтын экономиканың үлесі 15,69 пайыз деңгейінде қалыптасты.