Қазақстанның алты өңірінде шетелдіктерге арналған жаңа казино ашылады

Қазақстанның алты өңірінде шетелдіктерге арналған жаңа казино ашылады
ЖИ: Dalanews.kz

Үкімет казинолар мен ойын автоматтары залдары жұмыс істейтін аумақтардың тізімін бекітті. Жаңа нысандар Алматы, Маңғыстау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында орналасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Атап айтқанда, ойын бизнесін дамытуға Каспий теңізінің жағалауы, Алакөл маңы және Марқакөл ауданы қарастырылған.

Жаңа ережеге сәйкес, мұндай ойын орындарына тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар кіре алады. Ал Қазақстан азаматтарына казино аумағына тек еңбек немесе қызметтік міндеттерін орындау мақсатында ғана кіруге рұқсат беріледі.

Тиісті қаулы биылғы 11 қыркүйектен бастап күшіне енеді.